Павлодар облысында қарттарды қадірлеуге арналған айтыс өтті

Павлодар облысында қарттарды қадірлеуге арналған айтыс өтті

Айтыс Қалқаман кентінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Монғолияның Қобда өлкесінен көшіп келген қандас азаматтар ұйымдастырған жыр додасына 8 ақын қатысты. Сөз бәйгесі екі айналымға жалғасты. 

Қазылар алқасының шешімімен айтыстың Бас жүлдесін Павлодар ауданынан Гүлшекер Батай жеңіп алды. 1-орынды Шарбақты ауданынан келген Қайролла Хафиз, 2-орынды Шарбақты ауданынан Оразбек Саяхат, 3-орынды Ақсу ауылдық аймағынан Мұхамедқали Зарықхан еншіледі. 

Сондай-ақ Құрмет Құралхан, Алпысбай Хонжға арнайы жүлде табысталды. Ғұмырсерік Зарықхан мен Қожаберген Қоңқай ынталандыру сыйлықтарына ие болды. 

Сонымен қатар, шара барысында ұзақ жыл қызмет атқарып, ел үшін еңбек сіңірген ақсақалдар мен апаларға шапан мен орамал жауып, құрмет көрсетілді.