Курчатовтан Ертіс өзеніне ағынды суларды жіберу расталды
Осыған орай «Курчатов Водоканал» ШЖҚ КМК қатысты тексеріс жүргізілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы хабарлады.
– Курчатов қаласынан Ертіс өзеніне ағынды сулардың ағуы туралы бейнематериал бойынша Абай облысының экология департаменті 2024 жылғы 8 желтоқсанда шығарындылар орнына барды, – дейді басқармада.
Ағынды суларды ағызу фактісі расталды, осыған орай «Курчатов Водоканал» ШЖҚ КМК қатысты тексеріс жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Ертіс өзенінен химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша су сынамаларын алды. Талдау нәтижелері шамамен келесі аптаның бейсенбісінде белгілі болады.