Екібастұз өңірінің ауыл жастары арасында волейболдан турнир өтті

Екібастұз өңірінің ауыл жастары арасында волейболдан турнир өтті
Фото: Константин Шелков

Спорттық шараға 100-ге жуық жас қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Турнир ҚР Тәуелсіздігі күніне және ҚР Мәслихаттарының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған. 

Турнирдің өткізілуіне Тай ауылының жігіттері мұрындық болып, мәслихат депутаты Арман Иманқұлов қаржылай қолдау білдірді. Соңғы жылдары дәстүрге айналған турнирде Екібастұз қалалық мәслихаттың төрағасы Нияз Құдайбергенұлы, мәслихат депутаты Құсан Еркін сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі. 

Тартысты бәсекені бір деммен тамашалап, деңгейіне жоғары баға беруге болады. Себебі, финалдық ойында партиялар бойынша 2-2, ал бесінші партияда 15-13 болып аяқталды. Ауыл жастарының қызықты бір күні, ауызбіршілікті қалыптастыратын уақыты өткізілді деп қортындылауға болады,  – деді орталықта. 

Турнирге 10-ға жуық топ, 100-ге жуық адам қатысты. Іс-шара сенбі таңынан кешіне дейін жалғасын тапты. Тай ауылының «Өлеңдті» волейбол командасы бірінші орынды иеленіп, қаржылай сыйлық, кубок, диплом иеленді. Ал екінші орында Қоянды, үшінші орында Шиқылдақ ауылы жайғасты.