Павлодарда экологиялық сенбілік өтеді

Павлодарда экологиялық сенбілік өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мемлекет басшысының нұсқаулығымен «Таза Қазақстан» республикалық науқаны басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза өлке» атты сенбілік 13 сәуір күні сағат 10:00-де Усолка шағын ауданында жоспарлануда. 

– Экологиялық акция адамдардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын дамыту үшін жүйелі түрде өткізілетін болады, – делінген хабарламада.

Экологиялық сенбілікке қоғам белсенділері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері және Павлодардың барлық тілек білдірген тұрғындары қатысады.