Май ауданында қора және ағаш шатыры өртенді
Оқиға орнына үш өрт сөндіруші мен төрт бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қараша күні сағат 09:16-де Май ауданы Абай ауылындағы қораның жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына өрт сөндірушілер дереу шықты. Келген бойда өрт сөндірушілер жеке тұрған ағаштан жасалынған қора және ағаш шатыры жанғанын анықтады.
Сондай-ақ, өртке қарсы ерікті құрылымының 15 адамы жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жалпы алаңы 100 шаршы метр өрт сөндірілді. Басқа объектілерге таралуға жол берілмеді.