Ақсуда Наурыз мейрамында бәйгеде бала аттан құлады

Оған шұғыл ота жасауға тура келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қызылжар ауылында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара кезінде «Құнан бәйге» ұлттық ойынына қатысып жатқан 16 жастағы жасөспірім аттан құлап кетті. Бала ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалған.
Ақсу қалалық әкімшілігі бұл жағдайды растады. Бәйге кезінде ат шошып, прожекторға соқтығысқан.
- 2008 жылғы жасөспірім бас-ми жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түсті. Ота жасалды, сонымен қатар бірқатар емдеу шаралары жүргізілді. Баланың жағдайы тұрақты, - деп хабарлады Ақсу қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.
Қазір ол қарқынды терапиядан өтіп, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мамандар барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда.