Павлодарда «Volontime» бейнероликтер байқауы өтеді
Байқауға өтінімдер 10 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен ақпарат және қоғамдық дамыту басқармасы бірлесіп өңірдің 14-35 жас аралығындағы тұрғындары арасында «Volontime» бейнероликтер байқауын өткізеді.
– Еріктілік тәжірибеңізбен бөлісіңіз және оның қоғамдағы маңыздылығын көрсетіңіз, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушылар деректі фильм, репортаж, сұхбат, әлеуметтік жарнама және тағы басқа жанрда, тыйым салынған мазмұн, жарнама және үгіт қосылмаған және бейненің авторлық құқығына кепілдік беретін, 1-ден 3 минутқа дейінгі бейнеролик дайындау керек. Олар 10 қарашасына дейін @uior_pvl және @kenzhekolzhastary парақшаларын белгілей отырып, Instagram желісінде жариялануы тиіс.