Мойылды ауылының әкімі сайланды
Ауыл әкімі болу үшін екі кандидат сынға түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 шілде күні Павлодар қаласы Мойылды ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1 180 азамат енгізілді. Дауыс беруге 649 сайлаушы қатысты. Ал кандидаттардың жалпы саны – екеу.
Сайлау қорытындысы бойынша Асхат Бейсенов 54 дауыс жинаса, Жеңіс Әбікен 552 дауыс жинаған. Ал 21 тұрғын барлығына қарсы болған.
Мойылды ауылының әкімі болып Әбікен Жеңіс Сартайұлы сайланды. Жаңа әкім 1975 жылы туған, Мойылды ауылында тұрады.