Павлодарда шағын аудандар мен ауылдық аймақтарда 20-дан астам мұз айдыны құйылады

Павлодарда шағын аудандар мен ауылдық аймақтарда 20-дан астам мұз айдыны құйылады
Фото: pexels.com/ Pavel Danilyuk

Қысқы мұз айдындарын орнату бойынша барлық жұмыстарды 25 желтоқсанға дейін толық аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің мәліметінше, тұрғындардың қысқы демалысын ұйымдастыру және өткізу мақсатында қаланың шағын аудандары мен Павлодар  ауылдық аймағында 23 хоккей корты құйылады.

– Қысқы мұз айдындары 35 мектептің аумақтарында құйылады. Оның жетеуі – Кенжекөл, Павлодар, Жетекші, Мойылды ауылдарында және Ленин кентінде. Корттарды күтіп-ұстауды және оларға күтім жасауды спорт бөлімінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ мектеп әкімшіліктері жүргізетін болады, – дейді спорт бөлімінде. 

Мұз айдындары құйылғаннан кейін қатаюына уақыт қажет. Өткен жылы балалар арасында толық қатпаған мұзға шыққан балалардың арасында қолайсыз жағдайлар жиі  тіркелген болатын. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында балалармен әңгіме жүргізуге кеңес беріледі.