Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған

Павлодар облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы Ақсу қаласының патрульдік полиция взводының командирі Рустам Байғабұловтың мәлімдеуінше, патрульдеу барысында патрульдік полиция взводының қызметкерлері Audi маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұған дейін сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болған. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған.

– Аталған дерек бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралы мамандандырылған айыптұраққа қойылды, – деді ол.  

Айта кетейік, полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтау, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертіледі.

Құқық қорғау органдары жолдағы қауіпсіздік әр адамның саналы әрекетіне байланысты екенін атап өтіп, барлық азаматтарды мұқият әрі жауапты болуға шақырады.