Отбасы күні: Павлодарда жас аналарға сыйлықтар табыс етілді
Оларды аналар кеңесі құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Отбасы күніне орай аналар мен жаңа туған сәбилерді құттықтау үшін Павлодар облысы ҚХА аналар кеңесі этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен бірлесіп, №1 Павлодар қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесіне және №1 облыстық перинаталдық орталығына барды. Әр жас анаға ыдыс-аяқ жиынтығы сыйға тартылды.
Фин-угор этномәдени орталығының төрағасы Ольга Николашинаның айтуынша, отбасындағы бүкіл мәселе дастархан басында, шәй құйылған кезде талқыланады. Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Максилова аналарды атаулы мерекемен құттықтап, жарық дүниеге сәби әкелу сияқты отбасындағы қуанышты оқиғаның маңыздылығын атап өтті.
– Сіздер – біздің болашағымыз. Әрбір шаңыраққа отбасылық бақыт пен денсаулық тілейміз, – деді Бақытжамал Максилова.
«Отбасы – бақыт мекені» іс-шарасы отбасылық құндылықтарды насихаттауға және отбасы мен неке институтын нығайтуға бағытталған.