Екібастұзда жол ақысы қымбаттайды
Өзгерістер қыркүйекте қолданысқа енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 9 қыркүйектен бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің сараланатын тарифі енгізіледі. Бұл қала әкімдігінің 22 тамыздағы №695/8 қаулысымен Екібастұз қалалық мәслихатымен келісім бойынша бекітілді.
–Қолма-қол есеп айырысу үшін жол жүру құны – 200 теңге, электрондық төлем кезінде ол өзгеріссіз қалады – 100 теңге. Бекітілген бірыңғай тариф құнының 50%-ын төлейтін жасы бойынша зейнеткерлер үшін қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу 50 теңгені, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде 100 теңгені құрайды,– делінген хабарламада.
Тұрғындар қолма-қол ақшасыз төлемді бірнеше жолмен жасай алады: арнайы көлік картасы, ұялы телефоннан «Avtobys» қосымшасы арқылы, сондай-ақ, Kaspi QR көмегімен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда қолма-қол ақша үшін жол жүру ақысы –130 теңге, электронды төлеммен – 80 теңге болды.