«Отбасымен музейге»: Павлодарлықтар ежелгі экспонаттарды тегін көре алады

«Отбасымен музейге»: Павлодарлықтар ежелгі экспонаттарды тегін көре алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Демалыс күні «Ertis» музейіне тегін кіруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

8 қыркүйекте сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Отбасымен музейге» науқаны аясында «Ertis» музейіне балалары бар отбасылар үшін кіру тегін болады. 

– Отбасылы тұрғындар үшін өңірімізде табылған жәдігерлер мен тарихи оқиғалармен танысуға мүмкіндік туады, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстанда 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келеді.