Miss Pavlodar-2023: Павлодарлықтарды кастингке шақыруда
Ең сұлу аруларды іріктеу кезеңі 20 мамыр күні өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Miss Pavlodar-2023» атағын 17-25 жастағы , бойы 170-183 сантиметр жас павлодарлық бойжеткендер ала алады. Байқауға тұрмыс құрмаған, Қазақстан азаматтығы бар қыздардың ғана қатысу мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Раиса Райымбекова айтып берді.
–Аймақтың ең сұлу атағын алғысы келетіндерге келесідей киім талабы қойылады: қара футболка немесе топ, қара джинсы немесе фигура бойынша шалбар, өкшелі аяқ киім, – дейді Райса Райымбекова.
Кастинг 20 мамыр күні сағат 12:00-де Ломов көшесі 38, жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.
Барлық сұрақтар бойынша @miss_pavlodar инстаграм парақшасының direct жазып немесе 8-771-370-40-40 телефон арқылы хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, облысымыздың сұлу қыздары осындай сұлулық байқауларға бұрыннан қатысып жүр. «Қазақстан аруы» атағын 2003 жылы Сәуле Жүнісова алған болатын, 2019 жылы Торайғыров университетінің студенті Мәдина Батық, кейіннен еліміздің атынан «Әлем аруы» байқауында таныстырған еді. 2021 жылы Vesti.kz порталы жүргізген байқауда Данагүл Қарабай «Спорт аруы» номинациясында жеңіп, Қазақстанның бірінші вице-аруы атанды. Ал 2022 жылы еліміздің ең сұлу 12 қыздың қатарына Елара Нығмет кірген болатын.
Фото: Константин Шелков