Павлодарлықтар артық кітаптарын басқаларға сыйлай алады

Қатысушылар кітаптар мен өсімдіктерді алмастырып, ашық микрофон арқылы өлең оқып, ән айтып, ой бөлісе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
20 мамыр күні Гагарин атындағы саябақта «Жасыл ел» ұйымы ұйымдастырған ашық аспан астындағы Кітап дармаркасы өтеді. Шара сағат 15:00-де басталады.
Келушілерге таза ауада сурет салып, экологиялық ойындарға қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Ұйымдастырушылар дармарканың шығармашылық, табиғат және жылы көңіл-күй аясында өтетінін атап өтті.
Іс-шараға барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram