Кенжекөлде «Ауыл күніне» орай мерекелік концерт ұйымдастырылады

Кенжекөлде «Ауыл күніне» орай мерекелік концерт ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мерекелік кештің хедлайнерлері – Ұланғасыр Қами, The Brookln және «TRISTAR» тобы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауыл әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамыз күні Кенжекөл ауылының тұрғындары мен қонақтары «Ауыл күніне» арналған үлкен мерекелік шараға жиналады. Мерекелік іс-шаралар күні бойы жалғасады.

Бағдарламада:

  • 10:00-15:00 – Кенжекөлдің орталық алаңында спорттық ойындар өткізіледі;
  • 15:00-17:00 – Орман жолағында, Кенжекөлге кіретін 3-ші жолға қарама-қарсы ауданда (бағдар – «Пегас» жанармай құю бекеті) ұлттық ат спорты жарысы көкпар басталады;
  • 18:00-20:00 – Мерекелік кеш Kenzhekol Promenade сахнасында концертпен жалғасады.

Кештің хедлайнерлері – қазақстандық эстрада жұлдыздары Ұланғасыр Қами, The Brookln және «TRISTAR» тобы. Олардың өнері сағат 18:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылар барлық қонақтарды осы күнді бірге тойлауға шақырады.