Оқу жылының мерзімі жөнінде шешім осы аптада қабылданады - министр
Биылғы оқу жылының мерзімі осы аптада белгілі болмақ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқу жылының мерзіміне қатысты министр ретінде шешім қабылдауым керек. Бірақ шешім алдымен балалардың мүддесіне сай болуы керек. Мен ортақ келісімге келу бойынша тапсырма бердім. Оқу мерзіміне қатысты пікір екіге жарылды, бұл жерде мәселе кімдердің жеңетінінде емес. Бұл жерде алдымен балаларға білім беруде жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, жуырда аталған жайтқа қатысты нақты шешім қабылдаймыз. Осы аптада деп ойлаймын», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, оқу жылы мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінген.