Мемлекет басшысы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: Константин Шелков

Мемлекет басшысы бұл күндерді халықтың рухани өміріндегі еркше кезең екенін атады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ораза ұстаған күндері шыдамдылық пен қарапайымдылық, жанашырлық пен мейірімділік сияқты тұрақты құндылықтар бірінші орынға шығады. Адамдар мұқтаж жандарға көмектеседі, қайырымдылықпен айналысады. Мұның бәрі исламның гуманистік мұраттарынан туындайды.

– Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар кезең. Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді. Биыл Рамазан айы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Мазмұны терең, мағынасы үндес қос мереке халқымыздың берекелі бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырады. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік! Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Ниет қабыл болсын! – делінген Тоқаевтың құттықтауында. 

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға денсаулық пен амандық, жарқын ойлар мен ұмтылыстардың орындалуын тіледі.