Павлодар ауданында ауыл тұрғындары лас суға шағымдануда

Мәселені ауылдық округ әкімі шешуге дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Павлодар ауданындағы Набережное ауылы тұрғындарының суға қатысты шағымы жарияланды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, су лас, пайдалануға жарамсыз, ауыл әкімі арыз-шағымдарға жауап бермейді.
Бұл жағдайға қатысты Григорьев ауылдық округінің басшысы Талғат Бланкин жауап берді.
– Мен орталық су құбырын тұтынушылардың бірімін. Судың ластануының жекелеген жағдайлары болуы мүмкін, – деп жазды әкім.
Талғат Бланкин лас суы бар үйлердің мекенжайларын сұрады. Жақын арада мәселе шешіледі деп күтілуде.