Павлодарда көшелерді қар мен мұздан тазарту жұмысы жалғасуда

Павлодарда көшелерді қар мен мұздан тазарту жұмысы жалғасуда

Бүгін қала бойынша қар тазалауға 200-ден астам жол жұмысшылары шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Коммуналдық қызметтер жаяу жүргіншілер жолдарын қар мен мұздан тазартуда. Бүгін қала бойынша қар тазалауға 200-ден астам жол жұмысшылары және 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер жолдары, аялдамалар, баспалдақтар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар бірінші кезекте тазартылатын болады.