Павлодар ауданында балаларға Жаңа жыл қарсаңында 100 мың теңгеден табысталды
Мұндай көлемдегі ақшалай сыйлық ауыл балаларына алғаш рет беріліп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар ауданында дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Салтанатты шараға әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балалары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шақырылды.
Мерекеде аудан әкімі Дидар Ибраев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, жақсы оқу және арман-тілектерінің орындалуын тіледі.

– Бұл мереке ұмытылмас болды, – дейді қатысушы баланың анасы Әсем Дощанова. – Балаларымыз үшін бұл нағыз жаңа жылдық ғажайып, үлкен қуаныш сыйлады.
Кішкентай қонақтар үшін «Жаңа жыл ғажайыптары» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда ертегі кейіпкерлері, би, музыка және көңілді интерактивтер ұсынылды. Балаларды Ақшақар ханшайымы, Темір адам және жаңа жылдың символы – Жылқы құттықтады.
Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге шырша айнала ән айтып, би билеп, жаңа жылдық шамдарды жақты. Орман аруы – шырша жанында сыйлықтар табысталды. Шара барысында 100 балаға 100 мың теңгеден берілді. Мұндай жаңа жылдық тарту балалар мен олардың отбасылары үшін үлкен қолдау болды.