Ақсуда қала күніне Raim мен Бүркіт келеді

Ақсуда қала күніне Raim мен Бүркіт келеді

Мерекелік концерт Ақсу қалалық саябағында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Ақсу қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 14 шілде күні Ақсу ферроқорытпа зауытының 55 жылдығы мен қала күніне орай бірқатар іс-шаралар өтеді.

Сағат 14.00-ден бастап саябақта аниматорлар балалардың көңілін көтеріп, флешмоб және қызықты байқаулар ұйымдастырылады.  

Сағат 16.30-да  күш сынасқысы келетін нағыз батырларға арналған жарыстар өткізіледі. 

Сағат 19.00-де металлургтер мен қала тұрғындарын құрметтеу рәсімі мен мерекелік концерт басталады. Кештің басты жұлдыздары – «Diamond Trio Kz» триосы, әнші Jay Leemo, Бүркіт пен Аиша, Raim.