Павлодардың бас сахнасында кім өнер көрсетеді

Қала тұрғындары мен қонақтарын шығармашылық ұжымдардың концерті мен түрлі жаттығулар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 11 маусым күні сағат 11:00-де «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Өнердің самғауы» атты есептік концерті, ал сағат 20:00 мен 21:00 аралығында «Спортты Павлодар» түрлі жаттығулар өтеді.
12 маусым сағат 18:00-де Естай атындағы Мәдениет сарайының балалар шығармашылық ұжымдарының есептік концерті, сағат 20:00-21:00-де «Белсенділік биі» (55+) жаттығулары жоспарланған.
13 маусым сағат 19:00-де Ертіс ауданы шығармашылық ұжымдарының концерті өтеді.
14 маусым сағат 9:00-10:00 аралығында «Спортты Павлодар» түрлі жаттығулары, сағат 19:00-де «Пати Ракеты» тобының концерті өтеді.
15 маусым сағат 16:00-де «Art Sport» концерті жоспарланған.