Павлодарда K-POP би шеберлік сабағы өтеді

Жастарға айдолдардың бейнебаяндарда орындайтын қимылдар үйретіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 қазанда сағат 17:30-да Жастар бастамаларын дамыту орталығында K-POP стилінде ерекше кеш өткізіледі.
– Би мен кәріс мәдениетін сүйетін жастарды ерекше K-POP шеберлік-сабағына шақырамыз! Сізді энергияға толы, шабыт беретін атмосфера күтеді. Би қауымдастығының бір бөлшегі болуға асығыңыз, – деді орталықта.
14–35 жастағы қатысушылар алдын ала +7 777 270 6404 нөмірі бойынша жазыла алады.