Павлодар облысында әрбір үшінші жұмыс істейтін тұрғын кәсіптік одақтарға тіркелген

Павлодар облысында әрбір үшінші жұмыс істейтін тұрғын кәсіптік одақтарға тіркелген

Өңірде кәсіподақ мүшелерінің саны 135 мыңнан асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

10 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні атап өтіледі. 

Бұл күн қызметкерлердің лайықты жағдайларға, қауіпсіз еңбекке және әлеуметтік кепілдіктер алуға құқығын қорғау мәселелерінде ынтымақтың, қолдаудың және бірліктің маңыздылығын еске салады. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталы Сатыбалды өкімімен кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Павлодар өңірінің кәсіподақ қозғалысының 33 ардагерлері мен үздік белсенділеріне  кәсіподақ наградалары табыс етілді.

Марапатталғандардың бірі – кәсіподақ қозғалысының ардагері Оразбай Махамбетов. Ол «Богатырь» көмір кенішінде 40 жылдан астам уақыт шахтер болып жұмыс істеген, үш дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісінің иегері және бүгінде атқару комитетінің мүшесі ретінде «Батыр Көмір» жергілікті кәсіптік одағының кәсіподақ өміріне белсенді қатысады. Еңбегі үшін оған «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі табысталды.

– Мен еңбек жолымның бірінші күнінен бастап кәсіподақ қатарына қосылдым. Жолдастарымызбен қолдауды қажет ететіндердің барлығына тірек болып, әрбір жұмысшыны қорғауға тырыстық. Еңбек жағдайларын жақсартып, жақсы жалақы және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мүмкіндіктеріне қол жеткізілді. Қазіргі кәсіподақ көшбасшыларына , өмірді жақсырақ, қауіпсіз және әділ  ету жолында еңбек адамының игілігі үшін үздіксіз жұмыс істеуді тілеймін, – деп атап өтті ардагер.

Павлодар облысында кәсіподақ мүшелерінің саны 135 мыңнан асады, яғни облыстың әрбір үшінші жұмыс істейтін тұрғыны кәсіптік одақтарға тіркелген. 

Кәсіпорындарда еңбек жағдайларының, гигиенаның, қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың жоғары стандарттарын енгізуге жәрдемдеседі. Оған қоса, кәсіподақ активін, келісім комиссияларының мүшелерін, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту және біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді және еңбек қатынастары саласындағы гендерлік теңдік пен тең мүмкіндіктерді ілгерілетеді. «Келешек» жастар қанаты арқылы жастарды кәсіподақ ұйымдарының жұмысына ынталандырады және тартады.