11 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

11 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың солтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз батыста, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20  метрді құрайды, облыстық солтүстігінде 25 метрге дейін жетеді.  

Ауа температурасы түнде 0..-5 градус, күндіз +5..+10 градус жылы болады. 

Пвлодар қаласында ауыспалы бұлтты, күндіз жауын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -1..-3, күндіз +8..+10 градус көрсетеді.