Павлодар облысында 240 шақты шетелдік автокөлік заңдастырылды
Полицейлер шетелдік автокөліктерді заңдастыруға бір айдан аз уақыт қалғанын еске салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 239 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді ағымдағы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін қабылдады. Бұл ретте елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көлік құралдары заңдастыруға жатпайды.
– Автокөлік иелеріне бір реттік заңдастыруды ескере отырып, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер биыл 30 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Бүгінгі күні нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Яғни, шетелдік автокөліктерді заңдастыруға бір айдан аз ғана уақыт қалды, – дейді департаментте.
Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көліктерін тіркеуге шақырады.