Аққулы ауданында шетелдіктер мектепте заңсыз жұмыс істеген

Аққулы ауданында шетелдіктер мектепте заңсыз жұмыс істеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полицейлер Аққулы ауданы Шарбақты ауылында заңсыз еңбек қызметін тоқтатты, онда алты шетелдік азамат ауылдық мектептердің бірінде құрылыс жұмыстарына атқарған. 

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының шетелдіктерге қатысты халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 

–  Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған шамамен 200 мың теңге айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаментінде. 

Тәптіп сақшылары жыл басынан бері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы және ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күші мен еңбекші көшіп келушілерді тартудың 14 фактісінің, ал жалпы 241 фактінің жолын кесті.