Павлодар облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды
Ол елдің барлық өңірінде бір уақытта басталып, 10 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
25 қарашадан бастап Павлодар полициясы жыл сайын өткізілетін республикалық акциясына қосылды. Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдердің құқықтарын қорғау.
Оның міндеті – қоғамның тұрмыстық-зорлық мәселесіне назарын аудару, профилактикалық жұмыстарды күшейту және қиын жағдайға тап болған әйелдерге жедел көмек көрсету.
Полиция ескертеді: әрбір зорлық әрекеті тез арада назар аударуды қажет етеді. Кез келген азамат күдік туғызған жағдай, қауіп немесе тұрмыстық зорлық фактісі туралы «102» нөміріне немесе сенім телефондарына 150 және 111 хабарлай алады.
Ішкі істер органдары акция аясында күнделікті профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар өткізеді, осылайша әрбір әйел өз қауіпсіздігін сезініп, қажетті көмек уақытында ала алады.