Павлодар облысында 1800-ге жуық азамат алаяқтарға алданған

Олардың 1192-сі ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық туралы ескертулерге қарамастан, адамдар қаскүнемдерге сенуді жалғастыруда. Алаяқтық туралы арыз күн сайын түседі және зардап шеккендер WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз нөмірден қоңырау түскенін хабарлайды.
– Қоңырау шалып тұрған белгісіз адамдар өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, банктің филиалында сенімхат бойынша олардың депозитінен ақша қаражатын алуға әрекет жасалып жатқаны туралы айтады. Содан кейін «банк қызметкерінен» қоңырау келіп түседі. Ол «қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға айналғанын және банкомат арқылы берілген шотқа аударылғанын хабарлайды, – дейді департаментте.
Алаяқтық тәсілдері өте алуан түрлі, бірақ олардың барлығы басқа біреудің мүлкін заңсыз иемденуге бағытталған. Мұндай қылмыстар қазіргі заманғы байланыс құралдары мен Интернет желісін қолдана отырып жасалуда.
Полиция департаменті бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеуге және SMS-терге мұқият болуға шақырады.