Павлодар облысында аптаның аяғына дейін жаңбыр жауады
Орташа ауа температурасы +28°С болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 11 маусымда түнде +17...+22°С, ал күндіз +23...+28°С-қа дейін жылынады.
12 маусымда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
13 маусымда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +22...+27°С-қа дейін жылынады.
14 маусымда жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді.
Сенбіде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +25...+30°С ыстық болады. Жексенбіде де күн күркіреп, жаңбыр жауады деп күтілуде. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, күндіз +26...+31°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады.