1 наурызда Павлодар облысында қатты жел болады

1 наурызда  Павлодар облысында қатты жел болады
Фото: Константин Шелков

Көктемнің алғашқы күніне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Көктайғақ болады. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертен және күндіз секундына 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз,  күндіз 1-3 градус жылы болады.

1 наурыз күні және түнде 2 наурызда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. 

Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.