Павлодар облысында екі оқушыны көлік қақты

Павлодар облысында екі оқушыны көлік қақты
Фото: Константин Шелков

Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қараша күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккенді аурухаға жеткізді. 

Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты. Зардап шеккен ауруханаға жеткізілді. 

– ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды,– деді департаментте. 

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерден жолды кесіп өткенде мұқият болуды сұрайды.