Павлодар облысында жол апаты салдарынан алты жылқы өлді
Жол-көлік оқиғасы Павлодар - Қызылорда автожолында орын алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21.00-де Шідерті кентіне қарама-қарсы 47 км жерде, DAF FTXF-105 маркалы автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі ілеспе бағыттағы Рno-143 ifri маркалы автокөліктің тіркемесімен соқтығысқан.
– DAF FTXF-105 көлігі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.
Тіркемеде болған 45 бас жылқының алтауы өліп қалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.