Павлодарда енесін зорлаған азғын сотталды
Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодардың № 2 сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 54 жастағы облыс тұрғынына қатысты сот ісі жабық түрде қаралды. Ер адам жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет зорлады деп айыпталды.
Алайда сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамада. Прокурор оны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
- Бұл іс адамға қарсы қолданған ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұл қылмысты жасағаны үшін 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Алайда жеңілдететін мән - жайларды, атап айтқанда сотталушының асырауында жас баланың болуын байланысты, әрі ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот ең жоғары мерзімнің 2/3-нен аспайтын жаза тағайындай алады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ер адам ҚР ҚК 4-тармағының 120-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды және сотталғанды моральдық зиянды өтеу есебінен оған бес миллион теңге төлеуге міндеттеді.
- Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген қылмыстық-процестік заңнама нормаларын өрескел бұзу фактілері бойынша шаралар қабылдау үшін Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының атына жеке қаулы шығарылды, - деп атап өтті №2 соттың баспасөз қызметі.
Соттың үкімі мен жеке қаулысы заңды күшіне енген жоқ.