Павлодар облысында киіктер үй жануарларын «ренжітуде»

Бұл мәселе облыс әкімдігінің бақылауында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ақжар Өндіріс» ЖШС басшысы Гүлзира Қазылова Май, Баянауыл аудандары мен Екібастұздың ауылдық аймағындағы әріптестерін толғандырған мәселемен бөлісті. Оның айтуынша, жүз мыңға тарта жуық ақбөкен бұл аймақтардағы фермерлерге айтарлықтай зиян келтіруде.
- Соңғы жылдары олардың саны едәуір өсті. Олар айтарлықтай зиян келтіреді: фермаларға кіреді, жайылымдарды, егіс алқаптарын таптайды, тіпті суармалы жерлерді басып алады - бұл туралы мәліметтер бар. Ол ол ма - біздің асыл тұқымды мал зауытының аумағында олар үшін перзентхана деп аталатын жер орналасқан бар. Ештеңе көмектеспейді: күзетші де, ескі окоптар да, электрошопан да. Олар кішігірім шаруашылықтардағы малға арналған суды да ішіп кетіп жүр, - деп қынжылады Гүлзира Қазылова.
Оның пікірінше, «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны киік санын лайықты реттей алмай отыр. Гүлзира Қазылова ақбөкендердің қоныс аудару жолдарына мониторингті күшейтуді және «Охотзоопром» компаниясын қаржыландыруды арттыруды ұсынды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов та жағдайдың күрделілігін айтып, мәселенің бақылауда екеніне сендірді. Жақын арада киіктердің популяциясын бақылау және оның шаруашылықтарға енуіне жол бермеу мәселесі Экология министрлігімен жан-жақты талқыланатын болады. Мемлекет пен шаруалардың мүддесін қатар қорғай отырып, қоршаған ортаға зиянын тигізбеу маңызды екенін атап өтті.