Павлодарда жылыту маусымы аяқталатын күн белгіленді

Павлодарда жылыту маусымы аяқталатын күн белгіленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келесі аптада жылумен жабдықтау желілерінде гидравликалық сынақтар басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімінің қаулысына сәйкес 22 сәуірде облыс орталығында жылыту маусымы аяқталады. 

– Жылыту маусымын аяқтау туралы шешім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы негізінде және сыртқы ауаның тұрақты оң орташа тәуліктік температурасына байланысты қабылданды, – делінген хабарламада.

Жылу беру маусымының аяқталғаннан кейін жылумен жабдықтау желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізіледі:

  • оңтүстік желілік аудан бойынша - 15-22 сәуір аралығында;
  • солтүстік желілік аудан бойынша - 26-30 сәуір аралығында.

Еске сала кетейік, облыс орталығында жылыту маусымы 2023 жылы 18 қыркүйекте басталған болатын.