Ақсуда жерлеу рәсімін ұйымдастыру орталығы ашылды
Орталықта мәйітті сақтау, жуындыру, кебіндеу жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының нұсқауымен Ақсу қалалық мешітінің жанынан жерлеу рәсімін ұйымдастыру орталығының Ақсу қалалық бөлімі ашылды.
Орталықтың ашылу шарасына ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Ислам Төлеубаев қатысып, осы игі істі атқарған Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаровқа және оған қолдау көрсеткен іскер азаматтарға алғыс айтты.
Арнайы халықтың игілігі мен халыққа жеңілдік көрсету үшін аталмыш нысан заман талабына сай жабдықталған. Бұл орталықтың қызметі әсіресе көп қабатты үйлерде тұрған отбасылар үшін аса қолайлы.