Павлодар облысының полицейлері ұлттық компанияға ескерту жасады

Павлодар облысының полицейлері ұлттық компанияға ескерту жасады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Республикалық маңызы бар тас жолдың бір бөлігі талапқа сай болмай шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолына тексеру жүргізді.

– Кезекті іс-шара «Омбы – Майқапшағай» автожолының Абай облысы бағытындағы учаскесінде өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және жол учаскесін белгіленген талаптарға сәйкестендіру жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның атына нұсқама жолданды, – деді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.

Ведомствода атап өткендей, автомобиль жолдарын тексеру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және республикалық, облыстық әрі аудандық маңызы бар жолдарды қамтиды. Аталған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және  қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.