Асайын Байханов тұрғындарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
Облыс әкімі бұл мерекенің халқымыздың бай мәдени мұрасын қастерлейтін барша жұртты біріктіретінін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram парақшасында өңір тұрғындарын Ұлттық Домбыра күнімен құттықтап, бұл мерекенің халқымыздың бай мәдени мұрасын қастерлейтін барша жұртты біріктіретінін атап өтті.
Әкімнің айтуынша, Домбыра – ұлттық болмысымыздың, рухани қуатымыздың және ұрпақтар сабақтастығының символы. Оның қоңыр үнінде Ұлы даланың тарихы, ата-бабалар даналығы, туған жерге деген сүйіспеншілік пен ел бірлігіне деген ұмтылыс көрініс табады.
«Домбыра – қазақ халқының баға жетпес рухани құндылықтарының бірі. Ол жас ұрпақты өз тамырын қадірлеуге, ұлттық мұраны мақтан тұтып, келер ұрпаққа аманат етуге үндейді», – деді Асайын Байханов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтау мемлекетті нығайтудың басты негіздерінің бірі екенін үнемі атап өтетінін еске салды.
Құттықтау соңында Асайын Байханов павлодарлықтарға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, татулық пен толайым табыс тілеп, Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады.