Павлодар облысында ұлттық мәдениеттің маңыздылығы көрсетілді
Семинарға мектеп жасына дейінгі 42 тәрбиеші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысындағы Мичурин балалар бақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтары қатысқан семинар өтті. Пікірталас «Денсаулық сақтау технологиялары» және «Ұлттық құндықтар» атты екі диалог алаңында ұйымдастырылды.
Мичурин мұғалімдері өздерінің оқу материалдары мен төл туындылары туралы айтты. Сауықтыру аумағында Ләйлә Әзімжанова, Татьяна Шишко, Аида Шарипова, Светлана Мосияш жұмыс істеді. Ал Бағдат Бисімбаева, Балдыған Әбдікенова, Мәдина Сыздықова өз жұмыстарында ұлттық құндылықтарды пайдалану туралы сөз қозғады.
Семинарға қатысушылардың әрқайсысы балаларды дамытуға арналған жаңа идеяларымен таныстырды. Соңында ұстаздар «Балапан» тобында болып, онда Балдыған Әбдікенова мен Мәдина Сыздықова «Әжетай» клубымен бірге қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын көрсетті.