Павлодар облысында найзағай бір күнде тоғыз өрттің шығуына себеп болды

Павлодар облысында найзағай бір күнде тоғыз өрттің шығуына себеп болды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Жалынның орманға таралуына дер кезінде тосқауыл қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, өрттердің шығуына найзағай разряды себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға резерваттың орман күзеті, «Қазавиаорманқорғау» авиапатруль қызметі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды.

– Өрт шарпыған жалпы аумақ 1,4176 гектарды құрады. Жедел әрекет етудің нәтижесінде жалынның орман алқаптарына кеңінен таралуына жол берілген жоқ, – деп мәлімдеді резерват өкілдері.

Өрт қаупі жоғары кезеңге байланысты мамандар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және мемлекеттік орман қоры аумағында ашық от жақпауға шақырды.