Павлодар ауданында жылқының өлекселерін лақтырған адам іздестірілуде
Жылқының өлексесі қоқыс алаңында жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы маңындағы қоқыс алаңында жылқының өлексесі жатқаны жайлы шағымдар тарады. Тұрғындар бұл жағдайды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
– Жылқы өлексесінің иесін табу мақсатында солтүстік полиция бөліміне және облыстық ветеринария басқармасына өтініштер жіберілді. Мердігер өлексені утилизацияға өткізді, – дейді Павлодар ауданының әкімдігінде.
Облыстық полиция департаментінде жылқының шіріп кеткен өлексесі қоқыс алаңында жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.
Жылқы иесін анықтау мақсатында учаскелік инспектор тұрғындардан жауап алған. Дегенмен жылқыда кодталған сырға мен белгінің болмауы салдарынан оның кімге тиесілі екенін мүмкін болмай отыр. Мал иесін анықтау шаралары әрі қарай жалғасын табады.