Павлодарда облысында Ресей Федерациясының аумағында іздеуде жүрген екі қылмыскер қолға түсті
Жалпы облыста мемелекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жері елгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, полицейлер "құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күнінбе 600-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кескен.
- Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 153, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 68, ұсақ бұзақылық жасаған 24 азамат, ЖЖЕ 174 бұзушылық және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 8 жүргізуші анықталды. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды,- деді Павлодар облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Сондай-ақ, мемлекетаралық іздеуде жүрген 11 қылмыскердің орналасқан жері анықталды.
Мысалы, Железин ауданының ауылдарының бірінде жедел уәкілдер Ресей Федерациясының Новосібір облысы бойынша 2022 жылдың ақпанынан бастап ЖОФҚББ ұрлағаны үшін іздеуде жүрген 30 жастағы ауыл тұрғынын анықтады.
Бұдан бөлек, Екібастұз қаласында 2012 жылы Ресей Федерациясының аумағында зорлық жасаған 36 жастағы ер адам ұсталды. Барлық ұсталғандар бойынша іздеу жариялағандарға хабар берілген.
Полиция департаменті азаматтардың тыныш демалысын, мереке алдындағы күндері тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Павлодар полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаратынын еске салады. Бұл күндері полицейлер көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын болады.