Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшеді
Өңірдегі ауа райының күрт суытуына байланысты білім беру мекемелерінің жұмыс режиміне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні өңірде 1-ауысымдағы 1–11-сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2-курс студенттері (9 сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.