Павлодарда ерекше оқушылар байқауының жеңімпазы тігін машинасын ұтып алды

Павлодарда ерекше оқушылар байқауының жеңімпазы тігін машинасын ұтып алды

WorldSkillsPavlodar өңірлік байқауы «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру бақсармасының мәліметінше, байқау Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде өткен. «Жасөспірімдер чемпионаты – Abilympics JuniorSkills» байқауына мектептерде оқитын ерекше балалар қатысты. 

–   Abilympics JuniorSkills жасөспірімдер қозғалысының негізгі миссиясы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тез өзгеретін әлемде мамандықты саналы түрде таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға және болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру, –  деді басқармада. 

Аталған байқауда Павлодар өңірінің мамандандырылған мектептерінің 11 оқушысы сынға түсті. Байқауды өткізу ережесіне сәйкес қатысушылар қауіпсіздік техникасы бойынша тіркеуден және нұсқаулықтан өтті.

Байқау нәтижесінде 1-орынды Диана Брехт (№5 арнайы мектеп-интернаты, Хмельницкое ауылы, Шарбақты ауданы), 2-орын Анита Ли (№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты Павлодар қ.), 3-орынды Валентина Яницкая (№4 арнайы мектеп-интернаты, Павлодар қ.) еншіледі. 

–  Халық банкінің өңірлік филиалы екінші жыл осы байқаудың демеушісі болып табылады және оқушылардың кәсіптік бағдарлануын дамыту және жұмыс кәсібін танымал ету идеясын қолдайды. 1-орын жүлдегеріне Халық банкінен «Чайка» маркалы тігін машинасы сыйға тартылды, – деді басқармада. 

Сондай-ақ байқаудың демеушісі «КазПрофБезопасность» ЖШС болып табылады, оның негізінде өндірістік-технологиялық практикалар, сондай-ақ колледж түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру өтеді. «КазПрофБезопасность» ЖШС барлық қатысушыларға сыйлықтар үшін қаржылай көмек көрсетті.

Фото: облыстық білім беру бақсармасы