Шарбақтылық оқушылар өздерінің алғашқы табысына қол жеткізуде

Шарбақтылық оқушылар өздерінің алғашқы табысына қол жеткізуде

Жоғары сынып оқушыларын еңбекпен қамту аясында «Менің бірінші теңгем» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, жоба жоба 12 жылдан бері іске асырылуда.

- Жобаның мақсаты - оқушылардың әлеуметтік пайдалы демалысы мен еңбегін ұйымдастыру үшін жағдай жасау көзделуде. Оқушыларды кәсіпорындарда, ЖШС, шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлерде жұмысқа орналастыру қарастырылған. Білім беру бөлімі, аудан мектептері наурыз-сәуір айларынан бастап жұмыс орындарын құрумен айналысады, - делінгер хабарламада.

Қатысушылар ШҚ, ЖШС-да, жеке кәсіпкерлерге, жұмыспен қамту орталығына өтінішхаттармен жүгінеді. Оқушыларды жұмысқа орналастыру бюджеттен тыс және бюджет бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» жобасы шеңберінде ұйымдастырылуда.

Осы кезеңде ауданда 597 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде бюджет бойынша 450, бюджеттен тыс 147 жұмыс орны ашылды. Бюджеттен тыс жұмысқа орналасу бойынша жасөспірімдер «Победа» ЖШС; «МТС Сервис» ЖШС; «Назаралы» ШҚ; «Сұңқар» ШҚ; «Александр» ЖК және т.б. Ең көп жұмыс орындарын «Победа» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты В.Поляков ұсынды.

Отбасы мәртебесі бойынша жұмысқа орналастыруды қарастыра отырып, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін 92 жұмыс орны, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 88 жұмыс орны құрылды. Жасөспірімдердің жұмыс уақыты олардың жасына байланысты сақталады. Шарттар Еңбек кодексіне сәйкес жасалған.