Павлодар облысында осы аптада ауа температурасы қандай болмақ?

Павлодар облысында осы аптада ауа температурасы қандай болмақ?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 сәуірде +17...+22°С жылы болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күркірейді.

23 сәуірде жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0...+5°С, ал күндіз ауа температурасы +13...+18°С-қа дейін көтеріледі. 

24 сәуірде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді. 

25 сәуірде облыстың батысында, оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде -0...-5°С, ал күндіз +6...+11°С болады.

26 сәуірде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы -2...+3°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді. 

Сенбі және жексенбі күндері түнде -1...+4°С, ал күндіз +11...+16°С жылы болады. Сенбіде жауын жаумаса, жексенбіде жаңбыр жауады деп болжануда.