Ақсуда 29 мамыр күні жарық болмайды

Ақсуда 29 мамыр күні жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Ақсу электр желілері трансформаторлық қосалқы станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін Қамзин көшесі, 13, 17, 19, 21, 23, 25 бойынша электр энергиясы өшіріледі.  Сондай-ақ «Көктем», «Айсұлу», «Мутный глаз»  дүкендері, Margo, «Стелла» сұлулық салондарында уақытша жарық болмайды. 

Толығырақ ақпаратты 8(71837)6-05-01 телефоны арқылы алуға болады.