Павлодар облысында терезесін тұмшалаған жүргізушілер жазаланды
Мұндай көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әсіресе жаз мезгілінде қала жолдарында реңді шыны орнатқан көліктер жиі кездеседі. Көптеген автокөлік иелері жол ережелерін елемей, алдыңғы бүйір әйнектерге пленка жабыстырады. 1551 жүргізуші реңді шыны орнатқаны және көруді шектейтін қосымша заттарды орнатқаны үшін жазаланады.
– 7.3-тармаққа сәйкес механикалық көлік құралы кабинасының немесе салонының алдыңғы немесе алдыңғы бүйір терезелеріне мөлдір түсті пленка жабуға немесе жапсыруға тыйым салынады, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Тек демалыс күндері облыста көрінуді шектейтін қосымша заттарды орнатқан он бір жүргізуші тоқтатылған. Полицейлер үнемі автокөлікке реңді шыны қолдануға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, бірақ соған қарамастан кейбір жүргізушілер әлі де ережелерді бұзуда.
Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына айыппұл салынды. Реңді пленкалар және жүргізуші орнынан көрінуді шектейтін қосымша заттар сол жерде жойылды.